Еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде көптеген бағдарламалар қабылданып, іске асырылып, жұмыс жасалынып жатыр. Сол бағдарламалардың бірі – «Біртұтас тәрбие» біздің балабақшадағы бүлдіршіндерді заманауи озық ойлы, қабілетті етіп тәрбиелеу жолында іске асырылып келеді.
№ 80 «Ботақан» балабақшасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Біз бақытты жанұя» атты отбасылық көңілді сайысы болып өтті. Оған мектепалды «Ақбота» және «Құлыншақ» топтары қатысып, бақ сынасты.
Сайыстың мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы көзге көрінбес алтын көпірдің іргетасының мықты болуына ат салысу және отбасы мүшелерінің арасындағы ынтымақты, жылы қарым-қатынасты қалыптастыру.
Мұндай отбасылық сайыстардың маңыздылығы сонда, ата-ана мен бала бірге уақыт өткізеді, бірге шешім қабылдайды және жетістікке бірге жетеді.
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» екенін тағы да бір рет дәлелдеп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан ата-аналар мен бүлдіршіндерге алғыс білдіреміз.