Бос орындар

2024 жылдың 18  маусымнан 26 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың  инновация әдіскері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1.№80 «Ботақан»  балабақшасы МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру әдіскері (мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі, 11). Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 95 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін.

        Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.

Лауазымдық міндеттері:

      білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      оқу, тәрбиелік және тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды жасайды;

      балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

      жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

      оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмектеседі;

  оқу-әдістемелік құжаттаманы, оқу құралдарын әзірлеуді, қарауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

      топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

      оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайына талдау жасайды;

      тәрбиешілерге арналған сабақтар, шеберлік сыныптары, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

    оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, бухгалтерлік және есеп беру құжаттамасын уақытылы ресімдейді;

      тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыка жетекшісінің және ұйымның басқа да мамандарының өзара іс-әрекетін  үйлестіреді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің қызметін үйлестіреді;

      тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.

 

Білу керек:

      білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      дидактика принциптерін, педагогика, психология негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістерін;

      педагогикалық этика нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар;

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері.

 

Біліктілік талаптары:

      тиісті бейіні бойынша жұмыс өтілі немесе өзге де кәсіптік білімі туралы талаптарды немесе тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білімді, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжатты ұсыну,  бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім: қалалар үшін - 3 жылдан кем емес, ауылдық жерлер үшін – 1 жылдан кем емес;

      және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi, мектепке дейiнгi ұйымдарда педагогикалық қызмет өтiлi бар педагог- шебер үшiн: қалалық жер үшiн – кемiнде 5 жыл, ауылдық жер үшiн – кемiнде 3 жыл;

      және (немесе) тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі бар педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін: қалалық жерлер үшін – кемінде 5 жыл, ауылдық жерлер үшін – кемінде 3 жыл .

 

       Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі         № 338 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының негізінде өткізіледі.


     № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ішінде бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың  10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімі;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен жайы мен байланыс телефондары – бар болса);

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсты өткізу күні жоғарыда аталған Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өтетін орны: № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі 11 мекен-жайы бойынша тапсыру қажет.

АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: 72 92 02, 72 92 30, 72 92 23.

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Please publish modules in offcanvas position.