Жасмамандар мектебі

Жасмамандар мектебі

Жас мамандар мектебінің аясында №80 «Ботақан» балабақшасында «Жас маман 2025» атты жас мамандар байқауы өтті.
Мақсаты: Жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібі шеберліктерін көрсету,іскерлікке баулу,мамандықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Байқау барысында жас мамандарға өздерінің іс-тәжірибелерімен ой бөлісіп, әдістемелік көмек көрсеткен тәлімгерлері көңіл құптарлық болды.
Әділқазылардың шешімімен байқау нәтижесінде музыка жетекшісі өзінің педагогикалық шеберлігімен,жаңашылдық білім мазмұнымен Аружан Галымовна бас жүлдені иемденді.
І - орынды тәрбиешілер: Дина Курбанказыевна және Ерке Күлімхан.
ІІ - орынды педагог-ассистент Нұргүл Бақытбекқызы.
ІІ - орынды тәрбиешілер Аймөлдір Жанарбек және Ахсункар Жархынбек бөлісті.
Барлық мамандар байқауға үлкен жауапкершілікпен,ізденісте болғандарын байқатты.
Қатысушылардың барлығы марапатсыз қалмады, қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.Алдағы уақытта қалалық, республикалық жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз.

Please publish modules in offcanvas position.