Бос орындар

2024 жылдың 02 шілдеден 08 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК музыка жетекшісінің бос лауазымына конкурс жариялайды:

 

  1. № 80 «Ботақан» балабақшасының МКҚК музыка жетекшісі (мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі, 11). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 100 000 теңгеден 139 381 теңгеге дейін.

Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.

Біліктілік талаптары:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық немесе музыкалық бiлiмі,  педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат жұмыс өтiлiне қойылатын талаптарды көрсетпей;

және (немесе) біліктілігінің ең жоғары немесе орташа деңгейі болған жағдайда педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы жұмыс өтілі 4 жыл, педагог –зерттеуші - 5 жыл және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог – магистр ретіндегі жұмыс өтілі – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балаларды музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;

      музыка сабақтарын, балалар мерекелерін және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

      балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды жүргізеді;

      педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

      балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

      ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі бойынша кеңес береді.

Білу керек:

      білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      педагогикалық этика нормалары;

     балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбие әдістері;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.

 

         Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының негізінде өткізіледі.

     № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ішінде бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың  10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімі;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен жайы мен байланыс телефондары – бар болса);

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурстың өтетін орны: № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі 11 мекен-жайы бойынша тапсыру қажет.

 

АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: 72 92 02, 72 92 30, 72 92 23.

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Please publish modules in offcanvas position.