Жаңалық

№80 «Ботақан» балабақша тәрбиеленушілері соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы әкімшілігімен, №80 «Ботақан» балабақша тәрбиеленушілері соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. 

Өкінішке орай, жыл санап ардагерлер арамызда сиреп барады. Бұл кездесу балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбиелік мәні  зор және естен кетпес көңіл – күй сыйлады деп ойлаймын. Бүлдіршіндердің қуаныштарына шек болмады, алған әсерлерімен ата-аналарымен бөлісіпте жатты. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау!

Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілейміз. Әрбір қазақ баласы өз Отанын  сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092

Please publish modules in offcanvas position.