Мерекелік ертеңгілік: «Сиқырлы күз»
Тобы: «Көжек»
Тәрбиешілері: Конакбаева Жулдыз Каримжановна
Абдина Айгуль Мухтаровна
№80 «Ботақан» балабақшасында Алтын күз мерекесіне орай «Сиқырлы күз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Ертеңгілік «Көжек» ортаңғы тобының жас ерекшелігіне сай, күз мезгілі туралы түсініктерін дамытып, балаларға мерекелік көніл-күй орнату мақсатында өткізілді.
Ертеңгілік кейіпкерлері: бұлт, кірпі және күз ханшайымы бүлдіршіндердің көңіл-күйлерін көтеріп, балалармен бірге ойын ойнап, ән салып, би билеп мерекенің сәнін келтірді. Ал бүлдіршіндер болса, оларға өлең-жырларын арнап, қуанышты сезімдерін білдірді. Ертеңгілікте өнер көрсету бала бойындағы қызығушылығын арттырып, қуаныш сезіміне бөлеп, мерекелік көңіл-күй пайда болады. Ертеңгілік барысында балалар күз ханшайымына арнап қыздар «Санырауқұлақ» биін билеп, өлең - жырларын айтып, ал ұл балалар бұлт кейіпкерімізге аранап «Көңілді жаңбыр» биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік ертеңгілік «Күн суытты далада» әнін орындаумен қатар, кейіпкерлермен қоштасып көңілді аяқталды.