Наурыз айының 17 күні балабақшада «Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық, шығармашылық дамуындағы театр қызметінің рөлі» атты қалалық семинар өтті. Семинар барысында балабақша тәрбиешілері мен ЕАГИ жоғарғы колледж ұстаздары және студенттері театр түрлерін қолдана отырып, біріккен жұмыс іс-тәжірибесін көрсетті.
Атап айтқанда «Ақбота» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Марионетка» театрын қолданып «Түлкі мен қоян» ертегісінің желісі бойынша қойылым көрсетті. Қойылым барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін жоғары деңгейде сомдай білді.
Ересек «Қошақан» тобы балаларымен тәрбиешісі Сатпаева Марал Әділбекқызы «Ертегілер елінде» тақырыбында көркем әдебиет оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі барысында балалар «Бибабо» театрының қуыршақтарымен «Алма» ертегісін рөлдерге бөліп сахналық қойылым көрсете білді.
«Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Әлібекова Талшын Қажымұратқызы «Үй жануарлары» тақырыбында сөйлеуді дамыту оқу қызметі барысында «Саусақ» театрын қолдана отырып тәрбиеленушілерді қызықтыра білді.
Балабақшаның орыс тілі мұғалімі Жармабаева Эльнара Догдырхановна «Спор домашних животных» тақырыбында көлеңке театрын пайдаланып мектепалды даярлық топ балаларымен қойылым көрсетті.
Семинар қызықты және әдістемелік жоғары деңгейде өтті.