Жаңалық

Назар! Хабарландыру!

Астана қаласы әкімдігінің №80«Ботақан» балабақшасы МКҚК тәрбиеші лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, С.Торайғыров көшесі, 11 үй.
  2. Байланыс телефоны: 8 7172 - 72 92 02, 72 92 30, 72 92 23.    
  3. Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  4. Бос орын: тәрбиеші лауазымы бойынша, оқыту тілі қазақ.
  5. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 91 582 теңгеден 146 531 -ге дейін.
  6. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
  • және (немесе)  жоғары немесе орташа біліктілік деңгейі болса, педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, сарапшы-педагогқа – 4 жыл, педагог-зерттеушіге – 5 жыл және (немесе) біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог –шебер жұмыс өтілі 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балаларды тәрбиелеу мен дамытуды жүзеге асырады;
  • балалардың денсаулығы мен өміріне өз жауапкершілігін алады;
  • оқу-тәрбие жұмысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, жоспарлап жүзеге асырады;
  • балалардың жеке қабілеттері мен қызығушылығына мән береді, зерделейді;
  • педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
  • балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
  • ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі бойынша кеңес береді.

Білуге тиіс:

  • білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
  • педагогикалық этика нормалары;
  • еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.
  • Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

№80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

        1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың    тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;

        2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

        3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);

        4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

        5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

        6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

       8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

       9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог - модератор, педагог- сарапшы, педагог- зерттеуші, педагог- шебер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

     10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілетін орны: №80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен-жайға тапсыру қажет.

 

Please publish modules in offcanvas position.