2024 жылдың 18 маусымнан 26 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК музыка жетекшісінің бос лауазымына конкурс жариялайды:
1.№ 80 «Ботақан» балабақшасының МКҚК музыка жетекшісі (мекен-жайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі, 11). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 100 000 теңгеден 139 381 теңгеге дейін.
Балабақша қазақ тілінде білім мен тәрбие береді.
Біліктілік талаптары:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық немесе музыкалық бiлiмі, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат жұмыс өтiлiне қойылатын талаптарды көрсетпей;
және (немесе) біліктілігінің ең жоғары немесе орташа деңгейі болған жағдайда педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы жұмыс өтілі 4 жыл, педагог –зерттеуші - 5 жыл және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог – магистр ретіндегі жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балаларды музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;
музыка сабақтарын, балалар мерекелерін және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды жүргізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі бойынша кеңес береді.
Білу керек:
білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогикалық этика нормалары;
балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбие әдістері;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының негізінде өткізіледі.
№ 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ішінде бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімі;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен жайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.
Конкурстың өтетін орны: № 80 «Ботақан» балабақшасы МКҚК
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Торайғыров көшесі 11 мекен-жайы бойынша тапсыру қажет.
АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: 72 92 02, 72 92 30, 72 92 23.
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.