Жаңалық

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №80«Ботақан» балабақшасы МКҚК

тәрбиеші лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, С.Торайғыров көшесі, 11 үй.
  2. Байланыс телефоны: 8 7172 - 72 92 02, 72 92 30, 72 92 23.    
  3. Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  4. Бос орын: тәрбиеші лауазымы бойынша, оқыту тілі қазақ.
  5. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 91 582 теңгеден 146 531 -ге дейін.
  6. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

және (немесе)  жоғары немесе орташа біліктілік деңгейі болса, педагог-модератордың жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, сарапшы-педагогқа – 4 жыл, педагог-зерттеушіге – 5 жыл және (немесе) біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог –шебер жұмыс өтілі 5 жыл.

Педагогтар мен ата-аналар үшін балалардың денсаулығын нығайтудан маңызды міндет жоқ деуге болады. Балабақшамыздағы жазғы сауықтыру кезеңіндегі сауықтыру шараларының басым бөлігі таза ауада ұйымдастырылып жүзеге асырылуда. Атап айтқанда 15.07.2022ж. күні серуен уақытында балабақша ауласында медбикені бақылауымен бассейнде жүзу шарасы өткізілді. Әрине балалардың жүздеріндегі қуаныш пен шаттық сөзбен жеткізгісіз.

Балабақшамызда балалардың денсаулығын сақтау және ныңайту мақсатында шілде айының 8 күні балалармен «Дені саудың - жаны сау» атты спорттық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Қошақан», «Қонжық» ересек, «Ақбота», «Құлыншақ» мектепалды даярлық топтарының балалары қатысты.

Please publish modules in offcanvas position.