Жаңалық

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ғылыми қызметкерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, техникалық және кәсіптік оқыту оқытушыларына арналған XV қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
 
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың заманауи үрдістері» 
 
Конференцияны Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК  бірлесіп ұйымдастырды.

Ертеңгілік «Ақбота» мектепалды даярлық тобының жас ерекшелігіне сай өтті. Күз мезгілінің ерекшеліктері мен күз байлығы, яғни күзгі өнімдерді еске түсірді.

Мерекелік іс-шарада балалар көңіл – күймен ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсете отырып шығармашылық қабілеттерін дамытып, шыңдады.

Ертеңгілік кейіпкерлері балаларды  қазіргі індетке байланысты гигиеналық шарттарымен таныстыра отырып, олардың  денсаулығымызға тигізер  пайдасына да тоқталды. Мерекелік ертеңгілікті балалар жақсы көңіл-күйде аяқтады.

№80 «Ботақан» балабақшасында Алтын күз мерекесіне орай «Күз сыйы» атты мерекелік ертеңгілік  өткізілді.

Ертеңгілік барысында балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы түсініктерін тереңдетіп, әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыра отырып, күз айларының халыққа молшылық алып келетіні туралы мәлімет берілді. 

Ертеңгіліміздің басты кейіпкерлері Короновирус, Дәрігер және Күз ханшайымы балаларымыздың денсаулығына байланысты, денсаулық адамның басты байлығы екені туралы мәлімет берді. Балалар ертеңгілік арқылы өз қабілеттерін аша білді. Күз мезгілі туралы әндерін айтып, өз өнерлерін көрсетті. Күз ханшайымы балалардың мерекелік тосын сыйға дәрумендер берді. Балалар сыйлықтарын алып  қуанышты сезімдерін білдірді.

«Қошақан» ересек тобында «Берекелі, мерекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Елімізді жайлаған індетті негізге ала отырып, мерекемізге коронавирус пен дәрігер кейіпкерлерін кіргіздік. Балалар вирустан қорғану жолдарын ойын ойнай отырып үйренді.

Балалар мерекеге белсенді қатысты, үш тілде өлең-шумақтар айтылды, «Түймедақтар биі», «Джентльмендер биі», «Күзгі вальс» билерін билеп, «Күзгі әуен», «Күзгі жаңбыр» әндерін және орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқады. «Кім жылдам?», «Жеміс пен көкеністі ажырат», «Коронавирустан сақтану жолдары» атты ойындар ойнады.  

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

 Мерекелік ертеңгілік: «Сиқырлы күз»

Тобы: «Көжек»

Тәрбиешілері: Конакбаева Жулдыз Каримжановна

Абдина Айгуль Мухтаровна

№80 «Ботақан» балабақшасында  Алтын күз  мерекесіне орай «Сиқырлы күз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. 

Ертеңгілік «Көжек» ортаңғы тобының жас ерекшелігіне сай, күз мезгілі туралы түсініктерін дамытып, балаларға мерекелік көніл-күй орнату мақсатында өткізілді.

Ертеңгілік кейіпкерлері:  бұлт, кірпі және күз ханшайымы бүлдіршіндердің көңіл-күйлерін көтеріп, балалармен бірге  ойын ойнап, ән салып, би билеп мерекенің  сәнін келтірді. Ал бүлдіршіндер болса, оларға өлең-жырларын арнап, қуанышты сезімдерін  білдірді. Ертеңгілікте өнер көрсету бала бойындағы  қызығушылығын арттырып, қуаныш сезіміне бөлеп, мерекелік көңіл-күй пайда болады.  Ертеңгілік барысында балалар күз ханшайымына арнап қыздар «Санырауқұлақ» биін билеп, өлең - жырларын айтып, ал ұл балалар  бұлт кейіпкерімізге аранап «Көңілді жаңбыр» биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік ертеңгілік «Күн суытты далада» әнін орындаумен қатар, кейіпкерлермен қоштасып көңілді аяқталды.

Please publish modules in offcanvas position.